Пара дзюдо: Қазақстандық спортшылар әлемдік Гран-приде жеңіске жетті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Пара дзюдо: Қазақстандық спортшылар әлемдік Гран-приде жеңіске жетті


Бразилияның  Сан-Пауло  қаласында 1-3 шілде аралығында пара дзюдодан IBSA әлемдік Гран-при турнирі өтті. Жарысқа 13 мемлекеттен 90 жуық спортшы қатысты.

Жарыста Қазақстаннан  10 спортшы қатысып, жеті медальға қол жеткізді:

1 орын – Ақмарал Науатбек (-48 кг J2);

1 орын – Даяна Федосова (-57 кг J2);

2 орын – Бауыржан Арстанбеков (-90 кг J1);

3 орын – Азамат Нокушев (-73 кг J2);

3 орын – Ерғали Шамей (-73 кг J1);

3 орын – Жанбота Аманжол (-90 кг J2);

3 орын – Талғат Ажгалиев (+90 кг J2).

«Жарыс нәтижелері бойынша спортшыларымыз әлемдік рейтингте өз позицияларын жақсартты. Мәселен Науатбек Ақмарал Гран-при жарыстарында екінші рет жеңіске жетті. Даяна Федосова алғаш рет алтын медальға қол жеткізді. Ал,  тұңғыш рет абсолютті салмақ дәрежедесінде қатысқан  Талғат Ажгалиев  үшінші орынға ие болды. Жалпы елімізде пара дзюдо спорт түрі қарқынды дамып келеді. Спортшылардың деңгейі өсіп, біліктілігі артуда. Биыл пара дзюдодан Бакуде өтетін әлем чемпионатындада Қазақстандық спортшылар лайықты өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болады деп сенемін», – деді Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының команда басшысы Дияр Сеитов.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

8 + seventeen =