Пара дзюдодан әлемдік Гран-приде қазақстандық спортшылар үш медальға ие болды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Пара дзюдодан әлемдік Гран-приде қазақстандық спортшылар үш медальға ие болды


Португалияда өткен әлемдік Гран-приде қазақстандық пара дзюдошылар 2 «алтын» және 1 «қола» медальді жеңіп алды.

Токио 2020 Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері Ануар Сариев  (J2) 60 кг салмақта финалдық белдесуде грузиялық балуанды жеңіп, алтын медальға ие болды.

Екінші алтынды (J2) 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Олжас Оразалыұлы әкелді. Ол финалдық белдесуде қарсыласы әйгілі француздық палуан Петит Натханды  иппонға түсіріп, таза жеңіске жетті.

Ал, (J2)  +90 келі салмақта өнер көрсеткен Ерлан Конкиев қола жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетсек, пара дзюдодан әлемдік Гран-при Алмада (Португалия) қаласында 30-31 қаңтар аралығында өтті. Жарысқа 22 мемлекеттен 91 спортшы қатысты.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

18 − nine =