Пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 14 медальға ие болды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 14 медальға ие болды


1-8 қазан аралығында Александрия қаласында (Мысыр) көру қабілеті төмен спортшылар арасында пара пауэрлифтингтен IBSA әлем чемпионаты өтті. Жарысқа 8 мемлекеттен 50-ден астам спортшы қатысты.

Чемпионаттың нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы 14 медальға қол жеткізді: 4 «алтын», 6 «күміс» және 4 «қола».

  • Мадьяр Жанысбаев (60 кг дейін)

– ардагерлер арасында: үшсайыстан 1 орын және жатып сығымдап көтеруден 1 орын.

-ересектер арасында: үшсайыстан 2 орын және жатып сығымдап көтеруден 2 орын.

  • Михаил Ткач (56 кг дейін)

-ересектер арасында: үшсайыстан 2 орын және жатып сығымдап көтеруден 2 орын.

  • Андрей Москалев (82,5 кг дейін)

-ардагерлер арасында: үшсайыстан 1 орын және жатып сығымдап көтеруден 1 орын.

-ересектер арасында: үшсайыстан 3 орын және жатып сығымдап көтеруден 3 орын.

  • Асимжан Хапузов (82,5 кг дейін)

-ардагерлер арасында: үшсайыстан 2 орын және жатып сығымдап көтеруден 2 орын.

  • Данияр Абильханов (110 кг дейін)

-ересектер арасында: үшсайыстан 3 орын және жатып сығымдап көтеруден 3 орын.

  • Канатбек Санжар (до 75 кг)

– ересектер арасында: үшсайыстан 2 орын және жатып сығымдап көтеруден 3 орын.

  • Коновалов Игорь (до 100 кг)

– ересектер арасында: жатып сығымдап көтеруден 2 орын.

– ардагерлер арасында: үшсайыстан 2 орын және жатып сығымдап көтеруден 2 орын.

«Қазақстандық спортшылар үшін пара пауэрлифтингтен әлем чемпионаты сәтті өтті. Жарысқа елімізден  8 спортшы қатысып, жетеуі жүлделі орынға ие болды», – деді Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының команда басшысы Ұлан Ануар.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

4 × three =