ПАРА ПАУЭРЛИФТИНГТЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНТЫ ӨТТІ – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

ПАРА ПАУЭРЛИФТИНГТЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНТЫ ӨТТІ


2022 жылдың 25-30 мамыр аралығында Талдықорған қаласында тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен спортшылар арасында  пара пауэрлифтингтен командалық және жастар арасында  Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің 17 өңірінен келген 140-қа жуық спортшы қатысты.

 

Жарыстың қортындысы:

Ерлер арасында командалық бәсекеде:

1 орын – Алматы облысы;

2 орын – Қызылорда облысы;

3 орынға –  Маңғыстау облысы ие болды.

 

Әйелдер арасында командалық бәсекеде:

1 орын  – Қостанай облысы;

2  орынға  – Алматы облысы;

3 орынға – Қызылорда облысы ие болды.

 

Жалпы командалық есепте:

1 орын – Алматы облысы;

2 орын – Қызылорда облысы;

3 орын – Қостанай облысы.

 

«Пара пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионаты жоғарғы деңгейде өтті. Спортшыларымыздың саны өсіп, біліктілігінің артқандығын атап өтуге болады. Чемпионаттың нәтижесі бойынша үздік өнер көрсеткен спортшылар биыл маусымда Кореяда өтетін пара пауэрлифтингтен Азия және Океания чемпионатына қатысады. Ал, Кореяда жетістікке жеткен үздіктер биыл қазан айында өтетін пара Азия ойындарына жолдама алмақ. Жалпы пара пауэрлифтинг құрамасының дайындығы жоғары, алдағы жарыстарға дайын», – дейді «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға  арналған спорттық даярлау орталығыны» РМҚК-нің пара пауэрлифтингтен  команда бастығы Ұлан Ануар.

Жарыс «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ-ның қолдауымен ұйымдастырылды.

 


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

one × 3 =