Пара шаңғышы Ербол Хамитов Әлем кубогында күміс жүлдеге ие болды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Пара шаңғышы Ербол Хамитов Әлем кубогында күміс жүлдеге ие болды


Ербол Хамитов пара шаңғы мен пара биатлоннан өткен Әлем кубогының бірінші кезеңінде 5 км қашықтықты 2:01.20 уақытта бағындырып, күміс жүлдеге ие болды. Ербол  канадалық спортшы Кэмерон Коллиннан 1:53.90-ке қалып қойды. Ал үшінші орынды украиналық спортшы Рад Тарас еншіледі.

Айта кетсек, пара шаңғы мен пара биатлоннан Әлем кубогы үш кезеңде өтеді. Алғашқы кезең Финляндияның Вуокатти қаласында 7-19 желтоқсан аралығында өтуде. Екінші кезең АҚШ-та, үшінші кезең Жапонияда өтуі жоспарланған. Әлем кубогының кезеңдерінің нәтижесі бойынша үздік спортшылар 2026 жылы өтетін қысқы Паралимпиада ойындарына жолдама алады.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

13 − 13 =