Пара таеквондодан Қазақстан Кубогы мәресіне жетті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Пара таеквондодан Қазақстан Кубогы мәресіне жетті


8-12 ақпан аралығында Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында  пара таеквондодан ересектер арасында Қазақстан Республикасының Кубогы өтті. Жарыста еліміздің 11 өңірінен 45 спортшы қатысты.

 

«Пара таеквондашылар үшін, бұл биылғы жылдың алғашқы жарысы. Жарыста К-41 және К-44 санаттарындағы үздік спортшылар анықталды. Осындай ел біріншіліктерінде жетістікке жеткен спортшылар ұлттық құрама сапына іріктеледі. Өз кезегінде ұлттық құрама спортшылары халықаралық жарыстарға қатысып, Паралимпиада ойындары алдындағы  әлем чемпионаты, Азия чемпионаты және Пара  Азия ойындарына қатысуға мүмкіндік алады. Биылғы жыл Паралимпиада ойындарына жолдама алуға маңызды жыл болып табылады», – деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының команда басшысы Мерей Бигарин.

Ерлер арасындағы жеңімпаздар:

 

К-44 санатындағы -58 кг салмақта:

1 орын – Ғибратжан Бақберген (Атырау облысы);

2 орын – Актлеуов Нышанбек (Қызылорда облысы);

3 орын – Ескалиев Руслан (Павлодар облысы);

3 орын – Марденов Ришат (Астана қаласы).

 

К-44 санатындағы -63 кг салмақта:

1 орын – Жұмағали Албек (Жамбыл облысы);

2 орын – Асқар Дінмұхаммед (Қызылорда облысы);

3 орын – Сүйсенов Қайдос (Қостанай облысы);

3 орын – Бекбауов Бекзат (Жамбыл облысы).

 

К-44 санатындағы -70 кг салмақта:

1 орын – Жұмақан Нұрбек (Алматы қаласы);

2 орын – Айсин Даулет (Қызылорда облысы);

3 орын – Зобиев Платон (Павлодар облысы);

3 орын – Бекболатов Әзімхан (Жамбыл облысы).

 

К-44 санатындағы 80 кг салмақта:

1 орын – Казиев Жамболат (Атырау облысы);

2 орын – Домбаев Нұрлан (Атырау облысы);

3 орын – Өмірәлі Нышан (Жамбыл облысы);

3 орын – Калимбаев Ерлан (Қостанай облысы).

 

К-41 санатындағы -80 кг салмақта:

1 орын – Далиев Сиязбек (Астана қаласы).

 

К-44 санатындағы +80 кг салмақта:

1 орын – Гариполлаев Алишер (Атырау облысы);

2 орын – Приназаров Марат (Қостанай облысы);

3 орын – Мухитденов Калкен (Жамбыл облысы);

3 орын – Ерсаин Ерлан (Павлодар облысы).

 

К-41 санатындағы +80 кг салмақта:

1 орын – Мукашев Малик (БҚО)

2 орын – Рахметкалиев Кенжебек (Қызылорда облысы).

 

Әйелдер арасындағы жеңімпаздар:

1 орын – Красавцева Милана К-44 санаты -47 кг (Қостанай облысы);

1 орын – Сейдрасылова Салтанат К-44 санаты -52кг (Жетісу облысы);

1 орын – Салимгереева Марьям К-44 санаты -65 кг (БҚО);

2 орын – Жусупкалиева Зарина К-44 санаты -65кг (БҚО).

 

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

16 + 14 =