Пара таеквондошылар Азия чемпионатында топ жарды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Пара таеквондошылар Азия чемпионатында топ жарды


20-23 тамыз аралығында Хошимин (Вьетнам) қаласында өткен ашық Азия чемпионатында қазақстандық пара таеквондошылар 7 медальға қол жеткізді:

1 орын – Малик Мукашев (-80 кг, К-41;

1 орын – Кәмиля Досмалова (-57 кг, К-44);

2 орын – Нысанбек Айдарбеков (-58 кг, К-44);

2 орын – Бауыржан Кушербаев (-63 кг, К-44);

2 орын – Нұрлан Домбаев (-80 кг, К-44);

2 орын – Нышан Өміралі (+80 кг, К-44);

3 орын – Алишер Гариполлаев (+80 кг, К-44).

Оған қоса, чемпионаттың нәтижесі бойынша Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының пара таеквондодан бас жаттықтырушысы Есілбаев Нұржан «Ашық Азия чемпионатының үздік жаттықтырушысы» марапатына ие болды.

«Азия чемпионатына 15 мемлекеттен, 65 спортшы қатысты. Қазақстан спортшылары лайықты өнер көрсетіп, командалық есепте үшінші орынға ие болды. Бірінші орынды Иран, ал екінші орынды Өзбекстан құрама командалары еншіледі», – деді Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының команда басшысы Мерей Бигарин.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

2 × three =