Паралимпиадашылар допинг қолдана ма? – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Паралимпиадашылар допинг қолдана ма?


Өкінішке қарай, паралимпиадашылар арасынан допинг қолданушылар сирек те болса кездесіп тұр. Ұмытпасақ, Лондон паралимпиадасының тарихында осындай оқиға болған. Паралимпиада додасы басталған жарты ғасыр ішінде спортшылардың допингпен ұсталуы сол жолы алғаш рет орын алған екен. ВВС ақпарат агенттігінің мәліметіне сүйенсек, ресейлік спортшылар Вадим Ракитин, Николай Марфин және грузиялық Шота Омаришвилидің ағзасынан рұқсат етілмеген препарат табылған. Бір ғажабы, Ресей спортшылары ағзадағы гормондарды көбейтетін «Неотропин» препаратын қолданғандарын бірден мойына алады. Ал, грузин спортшысы Шота Омарашвили допингке байланысты ешбір мәлімдеме жасамаған.

Ресейлік жеңіл атлетші Александр Зверев

Ресейлік жеңіл атлетші Александр Зверев

Жақында Ресейдің тағы бір спортшысы допинг қолдағаны үшін тоғыз айға жарыстан шеттетілді. Ресейлік жеңіл атлетші Александр Зверевтің 2015 жылдың 6 тамызынан 2016 жылдың 5 мамырына дейін жарысқа қатысуына рұқсат берілмейтіні туралы ақпаратты Халықаралық Паралимпиада Комитеті жариялады. Осы жылдың маусым айында Германия астанасында өткен бәсекеден соңғы алынған анализ нәтижесі А.Зверев үшін өте қолайсыз болды. Оның ағзасында жарыс кезінде спортшылардың қолдануына тыйым салынған «каннабиноидің» бар екендігі анықталып, дәлелденген. Енді ереже бұзғандығы үшін Александр Зверев 9 ай еш жарысқа қатыспайды, әрі оның Берлинде алған медальдары мен сыйлықтарының, орнатқан рекорды мен ұпайларының күші жойылады.

Спортшы допингты қасақана қолданды ма, жоқ байқаусызда пайдаланып қойды ма? Оның ара-жігі ешқашан ажыратылып жатпайды. Сондықтан барша спортшының тыйым салынған дәрі-дәрмектерден өте сақ болғаны абзал ғой.

«tagdyr.kz» ақпараты

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

4 × three =