Пресс-релиз


2021 жылғы 20 сәуірде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет және спорт министрлігі – Адалдық алаңы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жобалық кеңсесі «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК (бұдан әрі – Орталық) қызметкерлерінің қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл мәселелері бойынша кеңес ұйымдастырды.

Кеңес спикерлері: Марат Болысбекұлы Қамзолдаев – «Мәдениет және спорт министрлігі – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы, Ерқожа Әлқожаұлы Тілепберді – «Мәдениет және спорт министрлігі – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілі, Айгүл Әбдіғапбарқызы Сақтағанова – «Мәдениет және спорт министрлігі – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілі.

Осы іс-шараны аша отырып, Орталық басшысы Марат Дайырұлы Қасқырбаев заңдылықты, құқықтық тәртіпті сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбы өзекті болып табылатынын және тұрақты негізде талқылауға  шығарылатынын атап өтті.

«Мәдениет және спорт министрлігі – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері сыбайлас жемқорлық туралы, оның көріну тетіктері, сыбайлас жемқорлық қылмыстарының түрлері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы айтып, ағымдағы жылы спорт саласында жасалған сыбайлас жемқорлық бағытындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы статистикалық деректерді келтірді.

Іс-шара соңында кеңеске қатысушылар жобалық кеңсе өкілдеріне ұсынылған пайдалы ақпарат үшін алғыстарын білдірді.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

fourteen − fourteen =