АҚШ-тың Форт-Беннинг қаласындағы Әлем кубогының додасы осылай өтуде
Осы күндері АҚШ-тың Форт-Беннинг қаласында Әлем кубогының кезекті кезеңі басталып кетті. Қараша айының 09-жұлдызында аяқталатын бұл мергендер сайысына 48 елден барған 180 мерген бақтарын сынауда. Қазақстандық сұрмерген қыз Анастасия Белова мен жаттықтырушы Юлия Фролова қазіргі кезде осы әлемдік доданың бел ортасында жүр.
Қарашаның 6-8 жұлдыздары аралығында Италияда арбамен билеушілер арасындағы Әлем чемпионаты ұйымдастырылмақшы. Рим қаласында өтетін бұл бишілер бәсекесіне дүние жүзінің 25 мемлекетінің 150 споршысы қатысып, Әлем чемпионатының жүлделерін сарапқа салады. Қазақстанда да Ардақ Отарбаев, Нарғыз Ахметова, Қарлығаш Тынабекова сынды Пара Азия ойындарында жүлдегер атанған шеберлер бар. Сондықтан бұл әлемдік бишілер сайысына біздің жерлестеріміздің қатысуы әбден мүмкін.
2014 жылы Оңтүстік Корейде өткен ІІ Пара Азия ойындарында екі күміс, бір қола жүлденің иегерлері. Оңнан солға қарай: Қарлығаш Тыныбекова, Ардақ Отарбаев және Айдана Бегленова
Желкенді спорт Қазақстанда әлі қолға алынбаған спорт түрі. Әлем Чемпионаты Австралияның Мельбурн қаласында осы айдың 24 жұлдызында басталады.
Осы күндері Алжирда ерлер арасында арбамен баскетбол ойнаудан Африка чемпионаты өтуде. Жарыс қарашаның 8 жұлдызында аяқталып, сол күні 2016 жылғы Паралимпиада ойындарына қай ел ойыншыларының баратыны белгілі болады. Чемпионатта алты команда бақ сынауда. Рио де Жанейро ойындарына тек жеңімпаз команда ғана барады.
Словенияда отырып ойнау волейболынан әйелдер арасында Еуропа чемпионаты басталады. Қарашаның 7-15 жұлдыздары аралығында өтетін бұл бәсекеде сегіз команда сынға түспек. А тобында Словения, Венгрия, Хорватия, Германия болса, В тобында Ресей, Финляндия, Нидерланд және Украина бар. Атап өтерлігі, Еуропа чемпионатында украиндық волейболшы қыздардың шеберлік деңгейі көптен бері мойындалып келеді. Мамандардың пікірінше бұл жолы да осы команда жеңімпаз атануы бек мүмкін.
Пауэрлифтингтен Еуропаның ашық чемпионаты Венгрияның Эгер қаласында қарашаның 24 жұлдызында басталып, 28 жұлдызында аяқталады. Зілтеміршілердің бұл ірі бәсекесіне 44 мемлекеттің 230 спортшысы қатысады деп күтілуде.
2015 жылы пауэрлифтингтен өткен Азия чемпионатында жастар арасында қола жүлдегер атанған тұңғыш қазақ ұланы қарағандылық Ақжол Жарылғапов
Төлеген Жәкітайұлы,
«tagdyr.kz» тілшісі.