Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК қызметкерлері денсаулықтарын нығайту, сондай- ақ, дене шынықтыру мен спортты насихаттау мақсатында бұқаралық- сауықтыру және спорттық жұмыс өткізу және ұйымдастырумен қамтамасыздандырылған.
2016 жылдың 31 қазаны мен 18 қарашасы аралығында СДО қызметкерлерінің арасында дойбыдан жарыс өтті. Барлығы 14 қызметкер қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша 3-орынды аймақтық дамыту және жалпы мәселелер бойынша директор орынбасары Р.Т. Айтбаева мен экономист Б.К. Тургунова жеңіп алды, 2-орынды заңгер А.Т. Андабаева иеленді. Жеңімпаз жоғарғы жетістіктер спорты және халықаралық байланыстар бойынша директор орынбасары Р.Т.Кайрбаев болды.
Барлық қатысушыларды, жүлдегерлерді және жеңімпаздарды құттықтаймыз. Алда дартстан, жүзуден және басқа да спорт түрлері бойынша жарыстар күтіп тұр.