Қазақстан Республикасының Бразилиядағы төтенше және өкілетті Елшісі Сурдлимпиада спортшыларын жеңісімен құттықтады – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасының Бразилиядағы төтенше және өкілетті Елшісі Сурдлимпиада спортшыларын жеңісімен құттықтады

XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарының спортшылары Қазақстан Республикасының Бразилиядағы төтенше және өкілетті Елшісі Нүсіпов Болат Тұрарұлымен кездесті. Кездесу барысында Болат Тұрарұлы Сурдлимпиада ойындарының алтын медаль иегері Хайратхаан Шонкуды лайықты жеңісімен құттықтап, естелікке сый тартты.

«Биыл Бразилияның төрінде еліміздің спортшылары үлкен жетістікке жетіп, Тәуелсіз Еліміздің мәртебесін асқақтаты. Сурдлимпиада спортшыларының жеңісі отандастарымыздың жігерін арттырып, жаңа биіктерге жетелейтіндігіне сенімдімін. Көк байрағымыз биіктен көрінген, абыройлы күндер көп болсын!», – деп елші спортшыларды жетістігімен құттықтады.

Сурдлимпиада ойындарының спортшыларына көңіл бөліп, жетістіктерін атап, сый көрсеткен Болат Тұрарұлына үлкен алғысымызды білдіреміз!

Ұлттық құраманың  басты серіктесі – «SportQory.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

16 + nineteen =