Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында кезекті жарыс – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында кезекті жарыс


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК-мен тағы дартс пен асық атудан жарыс өткізілді.

img_9940Дартс бойынша барлығы 13 қызметкер қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасында 3-орынды жүргізушісі С. Сеньков, 2-орынды әдіскер Р. Курманбаев, 1-орынды жоғарғы жетістіктер спорты және халықаралық байланыстар бойынша директор орынбасары Р.Т. Кайрбаев ұтып алды.

img_9945Әйелдер арасында 3-орынды әдіскер А. Тукеева, 2-орынды кадр инспекторы А. Ермагамбетова, 1-орынды заңгер А. Андабаева ұтып алды.

img_0058Сонымен қатар, 2016 жылы 29 қарашада Астана қаласының №18 орта мектебінде СДО қызметкерлерінің қатысуымен асық атудан турнир өткізілді.

img_0040Барлығы 14 адамнан тұратын 2 команда қатысты. Командалық есепте СДО командасы бірінші орынға, ал №18 мектеп командасы – 2 орынға ие болды.

img_0020Жеке есепте бірінші орынға №18 мектеп командасының асық атудан жаттықтырушысы Ескендір Рахметов, екінші орынға №18 мектеп оқушысы ие болды. СДО қызметкері, жоғарғы жетістіктер спорты және халықаралық байланыстар бойынша директор орынбасары Р.Т. Кайрбаев – 3 орынға ие болды.

img_0009Сонымен қатар, қыздар арасында «бес тас» жарысы өтті.

img_0005Барлық қатысушыларды, жүлдегерлер мен жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

20 + 20 =