Қазақстан Республикасының VI-шы жазғы Паралимпиада ойындарының алғашқы жарысы басталды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасының VI-шы жазғы Паралимпиада ойындарының алғашқы жарысы басталды


Алматы қаласында Қазақстан Республикасының VI-шы Паралимпиада ойындарының алғашқы жарыстары басталды. 6-шы Паралимпиада ойындарының бірінші күнінде футбол 5х5-тен еліміздің алты өңірінен келген  командалар бақ сынауда. Жеңімпаздар 15 мамырда анықталады.

«Қазақстан Республикасының жазғы Паралимпиада ойындарының басты мақсаты – мүгедектігі бар тұлғалар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа белсенділігін арттыру және үздік өнер көрсеткен спортшыларды ұлттық құрама сапына іріктеу болып келеді. Бүгін Алматы қаласында  алғашқы жарыс күні футбол 5х5-тен басталды, келесіде пара жеңіл атлетика және голбол спорт түрлерінен жарыстар өтетін болады. Жарыста спортшылармызға тек сәттілік пен жарқын жеңістер тілеймін!», – деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының спорт жөніндегі басқарма басшысы Қайрат Сейтбеков.

Айта кетсек, 11-30 мамыр аралығында спорттың 10 түрінен Қазақстан Республикасының VI-шы жазғы Паралимпиада ойындары Алматы, Астана және Ақтөбе қалаларында өтеді. Жарысқа еліміздің 20 өңірінен 1000-нан астам спортшы қатысады.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

three + two =