2016 жылғы шілденің 18 мен 24 аралығында Самсун (Түркия Республикасы) қаласында есту қабілеті төмен спортшылар арасында III Әлем Чемпионаты өтті. Дзюдо – есту қабілеті төмен тұлғаларға арналған Халықаралық спорт комитетінің ресми спорт түрі.
Чемпионатта Жамбыл облысынан біздің спортшымыз Түгелбаев Айдос 66 кг салмақ дәрежесінде қола жүлдесіне ие болды.
Айта кетсек, алғашқы Чемпионат 2008 жылы Францияның Тулуз қаласында, ал екінші Әлем Чемпионаты 2012 жылы Венесуэлада өтті. Дзюдодан үшінші Әлем Чемпионатын Түркияның сурдлимпиадалық спорт федерациясының ұйымдастыру комитеті басқа да спорт түрлерімен (каратэ, таеквондо, үстел теннисі және жағажайлық волейбол) қатар өткізді.
Әлем Чемпионатының статистикасы бойынша, қатысушы елдер мен спортшылар саны 2008 жылдан арта бастады.
2008 жылы Тулузада (Франция): 15 мемлекет – дзюдодан 67 спортшы (48 ер және 19 әйел). 2012 жылы Венесуэлада 12 мемлекет – дзюдодан 67 спортшы (48 ер және 19 әйел).
Осы жылы, Самсунда (Түркия) 21 мемлекет – дзюдодан 108 спортшы (72 ер және 31 әйел).
Сондай-ақ, 2017 жылы Сурдлимпиадалық ойындар бүгінгі күні өткен Самсун қаласында болмақ.