Александр Герлиц пара биатлоннан Әлем кубогында қола жүлдеге ие болды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Александр Герлиц пара биатлоннан Әлем кубогында қола жүлдеге ие болды


Бүгін Әлем кубогының бірінші кезеңінде қазақстандық спортшы Александр Герлиц пара биатлоннан 12,5 км қашықтықты 43 минут 59 секундта өтіп, қола жүлдеге ие болды. Жарыста канадалық спортшы Арендз Марк қашықтықты 39 минут 20 секундта бағындырып, бірінші орынға ие болды. Ал екінші орынды  41.22 нәтижесімен украиналық спортшы Грегорий Вовчунский алды.

Айта кетсек, пара шаңғы мен пара биатлоннан Әлем кубогы үш кезеңде өтеді. Алғашқы кезең Финляндияның Вуокатти қаласында 7-19 желтоқсан аралығында өтуде. Екінші кезең АҚШ-та, үшінші кезең Жапонияда өтуі жоспарланған. Әлем кубогының кезеңдерінің нәтижесі бойынша үздік спортшылар 2026 жылы өтетін қысқы Паралимпиада ойындарына жолдама алады.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

seventeen + seventeen =