Қазақстандық пара спортшы әлем чемпионатында жүлдегер атанды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық пара спортшы әлем чемпионатында жүлдегер атанды


Португалияда өтіп жатқан пара жүзуден әлем чемпионатында қазақстандық Андрей Афанасьев брасс әдісімен жүзуден (SB12) финалда  100 м қашықтықты 1:13.65 уақытта өтіп, қола жүлдеге  ие болды.  Финалда 1:05.66 секунд уақытпен Әзірбайжан спортшысы  алтын медальға қол жеткізіді, ал күміс медальді 1:07.92 сек. нәтижесімен Украина спортшысы еншіледі.

Айта кетсек, пара жүзуден әлем чемпионаты маусым айының 8-18 аралықта өтуде. Жарыста 60 мемлекеттен 500-ден астам спортшы қатысып, бақ сынауда. Ел құрамасы сапында  төрт спортшы өнер көрсетіп жатыр.   Жарыстың бірінші күндері қазақстандық Нұрдаулет Жұмағали күміс медальға және Сиязбек Далиев қола медальға ие болды.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

five × three =