Пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-При сериясында қазақстандық Руфат Хабибуллин F-64 классында найза лақстырудан 41,83 м қашықтықты көрсетіп, алтын медальді жеңіп алды. Екінші орынан Камерун спортшысы 40,93 м нәтижесімен көрінді, үшінші орын 32,71 м көрсеткішімен Маврикий спортшысына бұйырды.
Бұдан бұрын, ядро итеруден қазақстандық Дастан Мукашбеков Гран-придің күміс жүлдегері атанған болатын.
Айта кетсек, пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-При сериясы Дубай қаласында 26 ақпан мен 1 наурыз аралығында өтуде. Жарысқа әлемнің 61 мемлекетінен 545 спортшы қатысуда.