Қазақстандық пара таеквондошылар әлемнің финалдық Гран-приінде жүлдеге ие болды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық пара таеквондошылар әлемнің финалдық Гран-приінде жүлдеге ие болды


Эр-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы) пара таеквондодан әлемдік Гран-придің финалдық турнирі мәресіне жетті. Жарысқа 25 мемлекеттен 75 спортшы қатысты.

Қазақстандық пара таеквондошы  Нұрлан Домбаев  – 80 кг салмақта және Нышан Өмірәлі +80 кг салмақта  қола медальді жеңіп алды.  Спортшылар К-44 классында өнер көрсетті.

«Биылғы жылдың финалдық Гран-приіне әлемнің мықты спортшылары жиналды. Себебі бұл G10 – дәрежесіндегі рейтингтік жарысы болып табылады. Осындай дәрежедегі жарыста орын алу үлкен жетістік. Қазіргі таңда Нұрлан Домбаев әлемдік рейтингте 1 орында тұрса, Нышан Өмірәлі 6 орыннан 4 орынға көтерілді», – деді пара таеквондодан бас жаттықытрушы Нұржан Есілбаев.

 

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

fifteen − seven =