Қазақстандық пара таеквондошылар ашық чемпионатта топ жарды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық пара таеквондошылар ашық чемпионатта топ жарды


Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өткен G4-рейтингісі бойынша пара таеквондодан ашық чемпионатта қазақстандықтар 2 алтын және 2 қола медаль еншіледі.

Әйелдер арасында қазақстандық Кәмиля Досмалова қарсыластарын шақ келтірмей -57 кг салмақта алтын медальді еншіледі. Күміс жүлдені мексикалық спортшы жеңіп алса, қола жүлде қос өзбекстандық спортшыға бұйырды. Ал, -65 кг салмақта өнер көрсеткен отандасымыз Марьям Салимгереева қола медальғп ие болды.

Ерлер арасында қазақстандық Казиев Жанболат -80 кг салмақта Корея, Бразилия және Мексика спортшыларынан асып түсіп, алтын медальға ие болды. Ал, Алишер Гариполлаев +80 кг салмақта жарыстың қола жүлдегері атанды.

Айта кетсек, пара таеквондодан ашқы чемпионат 5 шілдеде өтті. Жарысқа 28 мемлекеттен 100-ден астам спортшы қатысты.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

four × 3 =