Қазақстандық пара теннисшілер Мысырда 11 медаль жеңіп алды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық пара теннисшілер Мысырда 11 медаль жеңіп алды


Гиза қаласында ақпанның 25-27 аралығында пара үстел теннисінен Мысыр елінің Fa 20 ашық чемпионаты өтті. Жарысқа әлемнің 18 мемлекетінен 125 спортшы қатысты.

Чемпионатта 14 қазақстандық спортшы өнер көрсетіп 11 медальді еншіледі: 1 «күміс» және 10 «қола».

 

Жекелей сында келесі спортшылар жүлдегер атанды:

Имаков Мади – 3 орын (2 класс);

Орынбаева Раушан – 3 орын (7 класс);

Махулбеков Али – 3 орын (8 класс);

Қанат Усенов – 3 орын (6 класс);

Азамат Оразбек – 3 орын (7 класс);

Ержанқызы Алтынай – 3 орын  (9 класс);

Эрекеев Талғат – 3 орын (9 класс).

 

Жұптық сында келесі спортшылар жүлдегер атанды:

Аралас жұп (XD 17) күміс жүлде – Махулбеков Али  және  Ержанқызы Алтынай;

Қыздар жұбы (WD 14-20) қола жүлде – Орынбаева Раушан  және  Ержанқызы Алтынай;

Ерлер жұбы (MD 4) қола жүлде – Имаков Мади және Нурмагамбетов  Ардақ;

Аралас жұп (XD 14) қола жүлде Оразбек Азамат және Габриела Константин (Румыния).

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

ten − six =