Қазақстандық пара велоспортшылар алғаш рет әлем чемпионатына қатысты – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық пара велоспортшылар алғаш рет әлем чемпионатына қатысты


18 – 27 қыркүйек аралығында Цюрихте (Швейцария) көру қабілеті зақымдалған спортшылар арасында пара велоспорттан әлем чемпионаты өтті. Чемпионатқа 50 елден 320 – ға жуық спортшы жеке және топтық дисциплиналар бойынша сынға түсті.  Жарыста Кенжеғұл Сейтжан (стокер), Антон Лаврентьев (пилот), Александр Малыгин (стокер), Дэвид Кусаков (пилот), Жұлдыз Қайнарова(стокер) және Ульяна Чугай (пилот) өнер көрсетті.

Жарыс нәтижесі бойынша жеке есепте  Александр Малыгин (стокер) мен Кусаков Дэвид (пилот)  29,9 км қашықтықты 44:57.87  уақыт аралығында игеріп, 10 – шы болып мәре сызығын кесті. Дәл осы қашықтықты  Сейтжан Кенжеғұл (стокер) мен Антон Лаврентьев (пилот) 45:22.98 аралығында өтіп, 11 орынға тұрақтады. Осы дисциплинада бірінші орынды нидерландалық  Тристан Бангма (стокер) мен Бос П (пилот) (37:36.91), екінші орынды француздық Александре Лловерас (стокер) пен И.Паиллот (пилот) (38:17.25) және үшінші орынды бейтарып мемлекеттің спортшылары  Зорилла Арриортуа Иманол (стокер) мен Гарция Рус (пилот) алды. Бәсекенің бұл түрінен Кайнарова Жұлдыз (стокер)  бен Ульяна Чугай (пилот)  50:34.79  уақыт аралығын қамтып 10 – шы орынға табан тіреді. Қазақстандық арулардың қарсыластары ирландиялық  Кэти – Джордж Дунлевид (стокер)  пен Л.Келли ( пилот) (43:14.47) әлем чемпиондары атанды, ал ұлыбританиялық  Софи Анвин  (стокер) мен  Л.Холл (пилот)  күміс медальді иеленді және Лора Фачи (стокер) мен  С.Холл (пилот) қоланы жеңіп алды.

Оған қоса, топтық  есепте ерлер арасында Александр Малыгин (пилот) , Кусаков Дэвид (стокер) 103,2 км – ді  игеріп 12 – ші  , ал   Кенжегұл Сейтжан ( стокер) мен  Лаврентьев Антон (пилот) 13 – ші болып  келді.  Осы дистанцияда әйелдер арасында Жұлдыз Кайнарова (стокер) мен Ульяна Чугай (пилот) 9 – шы болып жетті.

«Пара велоспорт елімізде қарқын алып келеді. Аталмыш дода велошабандоздар  үшін алғашқы әлем чемпионаты. Осыған дейін пара спортшылар Азия пара ойындарында 2 «қола» және Азия чемпионатында 2 «алтын», 2 «күміс», 1 «қола» медальға  қол жеткізді. Осындай жарыстарға қатысқан спортшылар алдағы уақытта мол тәжірибе жинап, жоғары жетістікке қол жеткізетініне  сенімдіміз», – деді  Дене мүмкіндіктері  шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының команда басшысы Сұлтанбек Қаби.

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

3 × five =