Қазақстандық пара волейболшылар халықаралық турнирде топ жарды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық пара волейболшылар халықаралық турнирде топ жарды


Маусым айының 1-3 аралығында Ассен (Нидерланды) қаласында волейболды отырып ойнаудан «Dutch Tournament» атты халықаралық жарыс өтті. Жарысқа әлемнің үздік сегіз командасы қатысты.

Жарыс барысында Қазақстан құрама командасы АҚШ (3:1), Нидерланды (3:0), Бразилия (3:1), Германия (3:2), Ұлыбритания (3:0) құрама командаларын жеңіп, финалда Германияның спортшыларына (3:0) есе жіберді. Жарыс нәтижесі бойынша Қазақтан құрама командасы екінші орынға ие болды.

«Қазақстандық спортшылар «Dutch Tournament» жарысына бірінші рет қатысып, әлемнің мықты командаларымен бірдей деңгейде өнер көрсетті. Биыл волейболды отырып ойнаудан Қазақстан құрамасы Босния және Герцеговинада қараша айында өтетін әлем чемпионатына іріктелді. Аталмыш жарыста лайықты өнер көрсетіп, Париж-2024 ойындарына жолдама алу біздің басты мақсат», – деп бөлісті Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталағының жаттықтырушысы Батыр Қадырбайұлы.

Айта кетсек, Қазақстан Республикасының волейболды отырып ойнау құрама командасы әлемдік рейтингте 78 команданың ішінде үздік 10-қа кіретін, халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпаздары мен жүлдегерлері.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

four × 2 =