Қазақстандық шахматшылар Еуропа чемпионатына қатысып жатыр – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық шахматшылар Еуропа чемпионатына қатысып жатыр


Испанияның Кордова қаласында есту қабілеті төмен спортшылар арасында Еуропа чемпионаты өтіп жатыр. Турнирде Қазақстан намысын 6 шахматшы қорғамақ.  Жарыста жалпы  13 мемлекеттен 50-ге жуық спортшы бақ сынауда.

Қазақстан құрама сапында еңбек сіңірген спорт шеберлері – Максим Рожков, Самажан Кеттебеков және Дмитрий Мочальский, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері – Әлия Мұратова мен Наталья Горохова және спорт шебері –  Елдос Кузербаев өнер көрсетіп жатыр.

Жарыс «Швейцариялық» жүйе бойынша ерлер мен әйелдер арасында өтеді. «Блиц» бойынша жеке ойындар 11 турдан тұратын болса, «Рапид» бойынша командалық ойындар 10 турдан тұрады.

Наурыздың 28-і басталған турнирдің қортындысы, сәуірдің 2-і белгілі болмақ.

Жарыстын аралық нәтижелерін келесі сілтеме арқылы біліп отыруға болады:

https://chess-results.com/tnr617193.aspx?lan=2&art=0&turdet=YES&flag=30

 


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

two × 1 =