Қазақстандық шахматшылар Еуропа чемпионатында жүлделі орындарға ие болды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық шахматшылар Еуропа чемпионатында жүлделі орындарға ие болды


Наурыздың 28-і мен сәуірдің 2-і аралығнда Испанияның Кордова қаласында есту қабілеті төмен спортшылар арасында Еуропа чемпионаты өтті.  Жарысқа 13 мемлекеттен 50-ге жуық спортшы қатысты.

Қазақстандық шахматшылар «Швейцариялық» жүйе бойынша 11 турдан тұратын жекелей блицтен және  10 турдан тұратын командалық рапидтен бақ сынады.

Ерлер арасында жарыстың жекелей кездесулерінің нәтижиесі бойынша 1-ші орынды Дмитрий Мочальский жеңіп алды. Өз тақстасында өнер көрсеткен Самажан Кеттебеков  екінші орынды иеленсе, Максим Рожков пен Елдос Кузербаев 3-ші орынға табан тіреді.

Сондай-ақ, әйелдер командасы сапында Халықаралық дәрежедегі спорт шебері – Әлия Мұратова мен Наталья Горохова да бақ сынады. Алайда, жартылай финалға шыға алмай, қарсыластарына есе жіберді.

Жалпы командалық есепте, Қазақстан үздіктер қатарынан 4 –ші орыннан көрінді. 1-ші орынды Украина, 2-ші орынды Испания иеленсе, 3 орынға Польша командасы ие болды.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

three × two =