Қазақстандық спортшы пара дзюдодан әлем чемпионатында финалға шықты – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық спортшы пара дзюдодан әлем чемпионатында финалға шықты


8 қараша күні Бакуда (Әзірбайжан) пара дзюдодан әлем чемпионаты басталды.  Жарыста 41 мемлекеттен 270 спортшы сынға түсуде.

Қазақстандық пара дзюдошы  48 кг салмақта Ақмарал Науатбек жартылай финалда  Тайпэйлік Ли Кай Линді жеңіп, финалға жолдама алды. Финалда Ақмарал франциялық Ауриерес Мартинетпен кездеседі. Мартинет паралимпиада ойындарының 2 дүркін жүлдегері болып келеді.

Айта кетсек, жарыста Қазақстан ұлттық құрамасынан 18 спортшы ел намысын қорғауда.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

2 × 4 =