Қазақстандық спортшылар Азия чемпионатында 4 медаль жеңіп алды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық спортшылар Азия чемпионатында 4 медаль жеңіп алды


17-22 қыркүйек аралығында Ханчжоу қаласында интеллектуалды мүмкіндіктері шектеулі, тірек-қимыл аппараты  және көру мүшесі зақымдалған спортшылар арасында пара каратэден Азия чемпионаты өтті.

Бұл жарысқа Қазақстан, Ирак, Иран, Үндістан, Сауд Арабиясы және Гонконг елдерінің құрама командалары қатысты. Құрлықтық бәсекеде қазақстандық пара каратэшілер 2 «алтын» және 2 «күміс» медаль иеленді.

«Қазақстан құрамасы аталмыш додаға 3 – ші рет қатысуда. Ката бағдарламасы бойынша өнер көрсеткен Лиза Жусупова мен Нұржайна Жаннетова алтыннан алқа тақса, Дидар Мұхамеджанов пен Назгүл Измагамбетова күміс жүлдеге қол жеткізді. Осылайша, Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 2-ші орынға тұрақтады.

 

Бірінші орынды Сауд Арабиясы, ал үшінші орынды Иран құрамасы еншіледі. Енді осы спортшылар қараша айында Үндістанда өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады», – деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының әдіскері Абай Ахметов.


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

7 + 14 =