Қазақстандық спортшылар дойбыдан әлем чемпионатында 8 медаль жеңіп алды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық спортшылар дойбыдан әлем чемпионатында 8 медаль жеңіп алды


Түркияда есту және көру қабілеті, тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында дойбыдан әлем чемпионаты өтті.

Жарыста көру қабілеті зақымданған спортшылар  арасында қазақстандық Юрий Носов  классикадағы дойбы 100-ден  әлем чемпионы атанды.  Сондай-ақ, командалық сында 1 орын алды.  Ал әйелдер арасында Алма Махамбетова  күміс жүлдегер атанды.

Жастар арасындағы (U23) классика және рапид дисциплиналарында Данил Гайнуллин қос күміс медельді еншіледі.

Сонымен қатар, U23 жасқа дейінгі есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында қазақстандық Қуаныш Сембаев күміс жүлдегер атанса, Ази Рамазан мен Балжан Жумагазиева қола жүлдегер атанды.

Айта кетсек, жарысқа Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Польша, Молдова, Латвия, Германия және Түркия елдерінен  60-қа жуық спортшы қатысты.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

nineteen + 5 =