Қазақстандық спортшылар пара пауэрлифтингтен Әлем кубогында 13 медаль жеңіп алды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық спортшылар пара пауэрлифтингтен Әлем кубогында 13 медаль жеңіп алды


2024 жылдың 8-11 мамыр аралығында Паттайяда (Таиланд) пара пауэрлифтингтен Әлем кубогы өтті. Айта кетсек, бұл Париж-2024 Паралимпиада ойындарына қатысу үшін  маңызды лицензиялық  және рейтингтік жарыстардың бірі.  Бәйгеге әлемнің 33 елінен 157 спортшы қатысты. Қазақстандықтар төрт алтын, бір күміс және сегіз қола медаль еншіледі.

Әйгерім Айдарқызы -45 кг салмақ дәрежесінде жастар арасында үздік есепте (77 кг)  және  үш тәсілінің қосындысы бойынша 225 кг бағындырып,  екі алтын медальға  ие болды. Сондай-ақ,  ересектер арасында үш тәсілдің ұпай сандарының қосындысына сәйкес  (225 кг) қола медаль ұтып алды.

Раушан Қойшыбаева  -73 кг салмақта үздік есепте (116 кг) және үш тәсілдің қосындысы бойынша (337 кг) екі алтын медаль женіп алды.

Давид Дегтярев -54 кг салмақта  үздік есепте (171 кг) қола медальмен марапатталды.

Сондай-ақ, қола медаль иегерлері:

Гулим Құрманбаева -45 кг салмақта үздік есепте (89 кг);

Ғани Исентемиров +107 кг салмақта  үш тәсілдің сомасы бойынша (588 кг);

Тұрсынай Кабыл -41 кг салмақта  үздік есепте (94 кг);

Станислав Шакиев -59 кг салмақта үздік есепте   (173 кг)  және үш тәсілдің сомасы бойынша (344 кг).

Рахметжан Хамаев -88 кг салмақта  жақсы нәтиже көрсетіп, үздік есепте (201 кг) күміс медаль және  үш тәсілдің қосындысы  бойынша (398 кг)  қола медаль еншіледі.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

two × 1 =