Қазақстандық спортшылар тоғызқұмалақтан халықаралық турнирде топ жарды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық спортшылар тоғызқұмалақтан халықаралық турнирде топ жарды


 

2022 жылдың 5-12  мамыр аралығында Бишкекте мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында тоғызқұмалақтан  халықаралық турнир өтті. Жарысқа Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 100-ге жуық спортшы қатысты.

«Ұлттық спортты насихаттау және дамыту бағытында  ұйымдастырылған жарыс, жоғарғы деңгейде өтті.  Бұл турнирге спортшыларымыз жақсы дайындықпен келіп, лайықты өнер көрсетті. Аталмыш жарысқа елімізден сегіз спортшымыз қатысып, оның алтауы жүлдеге ие болды: «3 алтын және 3 қола», – деді Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының тоғызқұмалақтан аға жаттықтырушысы Нұржан Қонарбаев.

Ересектер арасындағы бәсекеде:

1 орын – Ришат Шамиль;

3 орын – Қуаныш Булкенов.

 

Жастар арасындағы бәсекеде:

1 орын – Ахметкәрім Болмағамбетов;

3 орын – Мейрамбек Аманша.

 

Әйелдер арасындағы бәсекеде:

1 орын – Аяжан Сағындық;

3 орын – Динара Алқуатқызы

 

«Турнирде ойындар қызу өтті. Қарсыластарым осал болмады. Бірақ ойынның 9 турынан да жолым болып, сүрінбей өттім. Әр ойында уақытымды үнемді пайдаланып, әрбір қадамды екшелеуге тырыстым. Осының арқасында алтын медальға қол жеткіздім», – деп қуанышымен бөлісті Аяжан Сағындық.

 

Қазақстандық спортшылардың аталған жарысқа қатысуы «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ-ның қолдауымен ұйымдастырылды.

 

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

10 + four =