Бішкек қаласында наурыздың 2-11 аралығында есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында алғашқы Азия-Тынық мұхиты аймағының чемпионаты өтті. Жарысқа 8 мемлекеттен келген 300-ге жуық спортшы таеквондо, дзюдо, грек-рим және еркін күресінен бақ сынады.
Қазақстан құрама командасы жарыста 15 «алтын», 13 «күміс» және 18 «қола» медальді жеңіп алды.
Чемпионатта бірінші болып таеквондошылар сынға түсті. Жарыста еліміздің 13 спортшысы сәтті өнер көрсетіп, 14 медальді қанжығасына байлады: 1 «алтын», 4 «күміс» және 9 «қола».
1 орын – Абдраш Аян (58 кг);
2 орын – Абдикатова Айжамол (57 кг);
2 орын – Макатова Аида (67 кг);
2 орын – Бездольный Максим (63 кг);
2 орын – Кулесов Тимур (87 кг);
3 орын – Сейсенбаев Мади (Жеке пхумсе);
3 орын – Абдикатова Айжамол (Жеке пхумсе);
3 орын – Рысжанов Олжас (Жұптық пхумсе);
3 орын – Жалғас Қанат (46 кг);
3 орын – Протопопова Виктория (49 кг);
3 орын – Рысбеков Диас (63 кг);
3 орын – Жакып Нурдаулет (68 кг);
3 орын – Ахметов Руслан (80 кг).
Бәсекеде дзюдо күресінен ел намысын қораған 13 спортшы 13 медальді жеңіп алды: 6 «алтын», 1 «күміс» және 6 «қола».
1 орын – Хапизов Сабыржан (+ 100 кг);
1 орын – Айдарбек Токтарбек (100 кг);
1 орын – Канафин Еркебулан (81 кг);
1 орын – Максутова Астель (+73 кг);
1 орын – Қуандық Шадияр (73 кг);
1 орын – Болатов Ерсін (60 кг);
2 орын – Кара Оглы Фериде (52 кг);
3 орын – Жетпісбаева Айым (52 кг);
3 орын – Бақтиярова Ляззат (63 кг);
3 орын – Тимошенкова Анастасия (63 кг);
3 орын – Әлдибек Нұрмұхаммед (66 кг);
3 орын – Краморова Анна (+70 кг):
3 орын – Жанибекұлы Ермек (90 кг).
Грек-рим күресінде қазақстандық палуандар 3 «алтын», 3 «күміс» және 3 «қола» медальді еншіледі. Ал, командалық есепте 1-ші орынды Қырғызстан, 2-ші орынды Қазақстан және 3-ші орынды Иран алды.
1 орын – Данен Казыбек (55 кг);
1 орын – Самарин Андрей (63 кг);
1 орын – Асан Нұржан (82 кг);
2 орын – Игенбай Ғабит (72 кг);
2 орын – Абдрәсіл Рамазан (97 кг);
2 орын – Тажиев Асылжан (130 кг);
3 орын – Мухаметкалиев Ролан (60 кг);
3 орын – Досжанов Абзал (77 кг);
3 орын – Оспанов Абдирахман (87 кг)
Еркін күресінен боз кілемде 10 қазақстандық спортшы өнер көрсетіп, 5 «алтын» және 5 «күміс» медальді еншіледі. Командылық есепте ұлттық құрама спортшылары 1 орыннан көрінді. Екінші орынды Иран командасының палуандары алса, үшінші орын Қырғызстан командасына бұйырды.
1 орын – Бөкеев Нұрмахан (57 кг);
1 орын – Есжанов Ғабит (61 кг);
1 орын – Пернеш Шадияр (70 кг);
1 орын – Малайдар Бексултан (97 кг);
1 орын – Федоров Никита (86 кг);
2 орын – Самарин Андрей (65 кг);
2 орын – Тұрсынбай Ғасыр (74 кг);
2 орын – Рсалы Сабыржан (79 кг);
2 орын – Оспанов Абдирахман (92 кг);
2 орын – Шонку Хайратхаан (125 кг).