Қазақтың намысын қорғайды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақтың намысын қорғайды

Алматы қаласында 26 шілде күні басталар Ашық Азия чемпионатында бақ сынайтын спортшылардың жүзін тани жүріңіз.

 

Қазақстанның 10 дүркін чемпионы Вадим Дукарт.

Қазақстанның 10 дүркін чемпионы Вадим Дукарт.

Дукарт Вадим Иванұлы. 1973 жылы Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Ескі Қалғұтан ауылында дүниеге келген. Мамандығы – тракторшы. Үйленген. Екі баланың әкесі. 2000 жылы омыртқа жарақатын алған. І топтағы мүгедек.

Пауэрлифтингпен 2002 жылдан шұғылданады. Астана қаласындағы «Қайсар» спорт клубының мүшесі. Алғашқы алтын медальды 2003 жылы иеленген. 2004 жылы «Жылдың үздік спортшысы» атанды.  2005 жылдан спорт шебері. Халықаралық жарыстардың қатысушысы. 2012 жылы Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды. Қазақстанның 10 дүркін чемпионы.

2015 жылғы елішілік чемпионатта 170 келі көтеріп, жеңімпаз атанған Вадим Дукарт Ашық Азия чемпионатында 97  келі салмақта өнер көрсетеді.

 

Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Барашкина Олеся.

Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Барашкина Олеся.

Барашкина Олеся Владимирқызы. 1987 жылы  Қарағанды облысы Теміртау қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Пауэрлифтингпен көп жылдан бері шұғылданады. Аса жеңіл салмақтағы Қазақстан құрама командасының мүшесі. 2011 жылы өткен ІІІ паралимпиада ойындарында пауэрлифтингтен алғашқы алтын медальды жеңіп алған. Спорт шебері. Пауэрлифтингтен басқа қол күресінен, дойбы, тоғызқұмалақтан Қазақстанның көп дүркін жүлдегері. Қазақстан спартакиадалары мен чемпионаттарының бірнеше дүркін чемпионы.

2015 жылғы Қазақстан чемпионатында 50 келі көтеріп жеңімпаз атанған Барашкина Олеся Ашық Азия чемпионатында 41  келі салмақта бақ сынайды.

 

Прокопишина Ольга

Прокопишина Ольга

Прокопишина Ольга Игорьқызы. 1987 жылы  Қарағанды облысы Теміртау қаласында өмірге келген. Қарағанды мемлекеттік университетін «Денешынықтыру және спорт» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Пауэрлифтингпен 2009 жылдан шұғылданады.  Қазақстанның спорт шебері. Қазақстан Кубогының және Қазақстан чемпионаттарының көп дүркін жеңімпазы. 2014 жылы Джон Амостың төрешілік курсын оқып, ұлттық дәрежедегі төреші құжатын алған. ҚР ұлттық дәрежедегі төреші.

2015 жылғы Қазақстан чемпионатында 57 келі көтеріп, ІІ орынды иеленген Прокопишина Ольга  Ашық Азия чемпионатында 50  келі салмақта сынға түседі.

 

Филянова Ирина

Филянова Ирина

Филянова Ирина Николайқызы. 1995 жыды Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында дүниеге келген.  2001-2010 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысындағы интернатта оқыған.

Пауэрлифтингпен 2011 жылдан шұғылданады. Малайзия және Ресейде жастар арасында өткен халықаралық жарыстарға қатысқан. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы әрі рекордшысы.

2015 жылғы Қазақстан чемпионатында 45 келі көтеріп ІІ орынды иеленген Филянова Ирина Ашық Азия чемпионатында 41  келі салмақта қазақ намысын қорғайды.

 

2015 жылғы Қазақстан чемпионы Петрусева Юлия.

2015 жылғы Қазақстан чемпионы Петрусева Юлия.

Петрусева Юлия Николайқызы. 1976 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. І топтағы мүгедек. 1993 жылы орта мектепті тәмамдаған. Мамандығы – заңгер. Отбасылы. Бір қыздың анасы.

Спортпен 17 жасынан бастап айналысады. 2014 жылға дейін жеңіл атлетика түрлерінен өнер көрсеткен. ҚР спорт шебері.

Пауэрлифтингпен 2015 жылдан бастап шұғылданады. Бапкері – А.Быков. Алғаш рет облыстық жарыс жеңімпазы атанған. Пауэрлифтингтен 2015 жылғы республикалық чемпионаттың жеңімпазы. Биылғы Қазақстан чемпионатында 50 келіні еңсеріп жеңімпаз атанған Петрусева Юлия Ашық Азия чемпионатында 41 келі салмақта бақ сынайды.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

5 × three =