ҚР VI Паралимпиада ойындары: пара жеңіл атлетикадан жарыстар өз мәресіне жетті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

ҚР VI Паралимпиада ойындары: пара жеңіл атлетикадан жарыстар өз мәресіне жетті


Қазақстан Республикасының VI-шы жазғы Паралимпиада ойындарының аясында өткен пара жеңіл атлетикадан жарыстары өз мәресіне жетті. Жарысқа еліміздің  20 өңірінен 240 спортшы қатысты. Спортшылар әр түрлі қашықтыққа жүгіруден, ұзындыққа секіруден, найза лақтырудан, ядро итеруден және дискі лақтырудан сыңға түсті.

Пара жеңіл атлетикадан командалық есепте  Ақтөбе облысы 16 «алтын» және 9 «күміс» медальмен көш басын тізгіндесе, екінші орынды 16 «алтын», 2 «күміс» және 1 «қола» медальмен Қостанай облысы, үшінші орынды 14 «алтын», 1 «күміс» және 4 «қола» медальмен Қарағанды облысы еншіледі.

Айта кетсек, Қазақстан Республикасының 6-шы Паралимпиада ойындарында голбол және пара оқ ату спорт түрлерінен жарыстар өтуде. Еліміздің Паралимпиада ойындары 30 мамырға дейін жалғасады.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

20 − eleven =