Қызылорда қара үзіп тұр – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қызылорда қара үзіп тұр


Садық МҰСТАФАЕВЕліміз бойынша мүгедектер спортындағы іс-шараларды ұйымдастыруда 2014 жылдың қорытындысы бойынша спорт тізгінін Садық Мұстафаев ұстаған Қызылорда өңірі қара үзіп шықты.

Мүгедектер спортындағы мәліметтерді қарап отырып, Қызылорда облысы спортының басы-қасында жүрген азаматтардың жанашырлығына еріксіз тәнті боласыз. Мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған іс-шараларды ең көп ұйымдастырған осы өңір екен. Бұл облыста ресми тіркелген 348 мүгедек спортшы болса, осы адамдарға арнап 2014 жылы табаны күректей 76 мәрте іс-шара өткізіп, оған 1560 адамның қатысуына мүмкіндік жасапты. Еңбекқорлық деп осыны айту керек шығар.
Қызылордада барлығы 348 мүгедек спортшы бар дедік. Енді тұрғындары ең тығыз өңірлерге келейік. Ресми тіркелген 2628 спортшысы бар Оңтүстік Қазақстан облысы 54 рет, ал, 2430 спортшысы бар Алматы қаласы 48 рет қана мүгедектер спортының іс-шараларын ұйымдастыра алыпты. Өткен жылы бұл іс-шараларға Оңтүстік Қазақстан облысында 1543 адам, ал, Алматы қаласында 980 адам ғана қатысу мүмкіндігіне ие болған.
Ал, енді салмақтап байқап, салыстырып көріңіз. Қызылордалық спортқа жанашыр азаматтардың еңбегіне сүйсінбеске шара бар ма…

Садық МҰСТАФАЕВ Zhiger-kz«Tagdyr.kz» ақпараты
фото Zhiger.kz сайтынан алынды

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

10 + 18 =