Волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама Париж-2024 Паралимпиада ойындарын жеңіспен бастады – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама Париж-2024 Паралимпиада ойындарын жеңіспен бастады


XVII Жазғы Паралимпиада ойындарының топтық кезеңіндегі алғашқы матчында Қазақстанның волейболды отырып ойнаудан құрамасы Францияның командасын 3:0 есебімен жеңді.


Еске сала кетсек, Париж Паралимпиадаcына 8 команда қатысады және олар екі топқа бөлінген. А тобында Қазақстан, Франция, Босния және Египет ойнайды. Ал «B» тобында Иран, Украина, Бразилия және Германия құрамалары бақ сынайды.

Қазақстан құрамасының келесі ойыны 31 тамызда Астана уақыты бойынша 17:00-де өтеді.

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

18 − nine =