Қазақстан XXIV Сурдлимпиада ойындарында алғашқы медальдарын жеңіп алды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстан XXIV Сурдлимпиада ойындарында алғашқы медальдарын жеңіп алды


Қазақстан спортшылары Сурдлимпиада ойындарында алғашқы 4 медальға қол жеткізді.

Дзюдодан  өткен бәсекеде қазақстандық Әлдібек Нұрмухаммед  60 кг салмақта өнер көрсетіп, күміс жүлдегер атанды. Ал дзюдошылар Шаяхмет Қанапиянов (73 кг),  Фериде Кара оглы   (48 кг)  және Дина Иржанова (52 кг) Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдесіне ие болды.

Оған қоса отандастарымыз, дзюдошы Эвелина Егембердиева (57 кг) және каратэден өнер көрсеткен Елена Салмина  (61 кг) үздік бестіктен көрінді.

Айта кетсек, 1-15 мамыр аралығында Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында XXIV Сурдлимпиада ойындару өтуде. Аталмыш жарысқа әлемнің 100 елінен 4500 жуық спортшы қатысады. Қазақстандық сурдолимпиадашылар спорттың тоғыз түрінен бақ сынауда.

Ұлттық құраманың  басты серіктесі – «SportQory.

 


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

9 + eighteen =