Қазақстандық дзюдошылар Сурдлимпиада ойындарында жүлделі орындарға ие болды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық дзюдошылар Сурдлимпиада ойындарында жүлделі орындарға ие болды


Кеше, 4 мамырда Қазақстандық дзюдошылар екі медаль ұтып алды: 1 «күміс» және 1 «қола».

Қазақстандық дзюдошы Анна Краморова 78 кг салмақ дәрежесінде Бразилияда өткен Сурдлимпиада ойындарының күміс медалін жеңіп алды. Анна жартылай финалда Түркия мен Моңғолиядан келген қарсыластарын жеңіп, финалда Оңтүстік Корея спортшысына есе жіберді.

Ерлер арасында 100 келі салмақта қазақстандық Хапизов Сабыржан қола жүлдеге ие болды. Жарыста дзюдошы Иран  мен Украинадан келген қарсыластарынан жеңіліп қалды.

Сонымен қатар бұл байрақты бәсекеде өнер көрсеткен дзюдошылар Ермек Жәнібекұлы (90 кг), Бахтиярова Ляззат (63 кг), Мақсутова Әсел  (70 кг) үздік бестіктін көрінді.

Еске сала кетсек, Бразилияның Кашиас-де-Сул қаласында 24-ші Сурдлимпиада ойындары өтіп жатыр. Ойындарда әлемнің 100 елінен келген 4 мыңнан астам спортшы бақ сынауда. Қазақстан құрамасы спорттың 9 түрінен қатысады. Қазір ел құрамасының қоржынында 6 медаль бар: 2 «күміс» және 4 «қола».

Ұлттық құраманың  басты серіктесі – «SportQory.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

five + 3 =