Сұрмерген сапарға шықты – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Сұрмерген сапарға шықты

Қазан айының 30-жұлдызынан қараша айының 09-жұлдызына дейін АҚШ-тың Форт-Беннинг қаласында Әлем кубогы өтеді. Қазақстандық сұрмерген қыз Анастасия Белова  мен жаттықтырушы Юлия Фролова осы әлемдік додаға аттанып кетті.

Анастасия Белова

Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, павлодарлық сұрмерген Анастасия Белова.

Нысана атуда халықаралық жарыстарда Қазақстан намысын қорғап жүрген мергендеріміз саусақпен санарлық қана. Солардың ішінде сұрмергені – павлодарлық Анастасия Белова. Биылғы жылғы Қазақстан чемпионатында да бас жүлдені талассыз алған А.Белованың халықаралық додаға аттанып тұрғаны алғаш рет емес.

Мамыр айының ортасында осы Әлем Кубогы Түркияның Анталия қаласында өткен. Мергендер ол жолы олжасыз оралды. Әлем Кубогына қазақстандық қос мергенді бастап барған бапкер Юлия Фролова болатын. Әлемнің 19 мемлекетінің сайланып барған сұрмергендері біздің қыздарымызды шаң қаптырып кетті. Әйелдер арасындағы сайыста Светлана Ким 337 ұпаймен 13 орынды, ал, Анастасия Белова 610,7 ұпаймен 16 орынды иеленіп қайтты.

атуЕнді міне, Әлем Кубогының кезекті кезеңіне жаттықтырушы Юлия Фролова жалғыз шәкіртімен аттанды. Бапкердің мәлімдеуінше Анастасияның осы жолғы дайындығы қапысыз көрінеді. Нысана атудан мергендер сынағы бүгін басталып кетті. Жарыс барысы туралы нақты ақпараттар алдағы күндерде жарияланады.

Төлеген Жәкітайұлы,
«tagdyr.kz» тілшісі.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

three × 5 =