Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары түсіндірілді – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары түсіндірілді


Бүгін Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының (одан әрі – Орталық) ұжымына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмысын жүргізу бойынша  түсіндіру жұмыстары өтті.

Іс-шараны Орталықтың комплаенс офицері  Әділхан Өмірзақов ұйымдастырды. Мекеме ұжымына Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде жобалық басқарудың 4-блогы «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты түсіндірілді. Кездесу барысында ұжым тарапынан бірқатар ұсыныстар ортаға салынып, талқыланды.

Іс-шара соңында Орталықтың басқарма және бөлім басшылары сыбайлас жемқорлықты алдын алудағы комплаенс қызметтің маңыздылығын атап өтіп, бұл бағыттағы жұмысты сапалы атқару үшін барлық міндеттерді орындайтындығын алға тартты.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

five × three =