Таеквондодан оқу-жаттығу жиындары басталды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Таеквондодан оқу-жаттығу жиындары басталды


Өскеменде есту қабілеті төмен спортшылар арасында таеквондодан оқу-жаттығу жиыны өтуде. Жаттығулардың басты мақсаты, биыл мамыр айының 1 мен 15 аралығында Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өтетін 24-ші Сурдлимпиада ойындары алдында спортшыларды дайындау.

Оқу-жаттығуға еліміздің өңірлерінен келген үздік спортшы қатысуда. Оның ішінде еңбек сіңірген спорт шебері Валентина Антоненко, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Тимур Кулясов, спорт шеберіне кандидат Максим Бездольный мен Нұрдәулет Жақып, халықаралық турнирлердің жүлдегері Аида Мақатова да бар.

Айта кетейік, оқу-жаттығу жиыны ақпанның 15-нен басталып, наурыздың 2-не дейін жалғаспақ.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

twelve − eight =