Талдықорғанда істу қабілеті зақымданған спортшылар арасында жүзуден Қазақстан чемпионаты басталды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Талдықорғанда істу қабілеті зақымданған спортшылар арасында жүзуден Қазақстан чемпионаты басталды


Бүгін Талдықорған қаласында жүзуден есту қабілеті зақымданған ересектер, жастар мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Жарысқа еліміздің 12 өңірінен 100-ден астам спортшы жиналды.

Чемпионаттың ашылу салтанатында Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының директоры Мейрамбек Махамбетов сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.

«Жыл сайын бұл спорт түрі біздің елімізде қарқынды дамып келеді, спортшыларымыздың бәсекеге қабілеттілігі арта түсуде. Бұл чемпионатта біздің елімізді халықаралық аренада абыроймен таныстыратын ең мықты спортшылар анықталатынына сенімдімін. Барлық қатысушыларға сәттілік және осы чемпионатта көптеген жарқын жеңістер тілеймін!»,- деді өз сөзінде  Мейрамбек Махамбетов.

Айта кетсек, спортшылар 18 дистанцияда келесідей дисциплаларда өнер көрсетпек: еркін стиль, баттерфляй, брасс, шалақалап жүзу, аралас эстафета, еркін стильдегі эстафета және комплекстік жүзу. Жарыс 13-ші мамырға дейін жалғасады.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

seventeen − two =