ТАШКЕНТТЕ ШАХМАТТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТІП ЖАТЫР – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

ТАШКЕНТТЕ ШАХМАТТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТІП ЖАТЫР


Қазақстандық шахматшылар Өзбекстанда гроссмейстер Әлішер Анарқұловты еске алуға арналған халықаралық турнирге қатысуда. Жарыс есту қабілеті төмен спортшылар арасында өткізілуде.

Халықаралық додаға ТМД елдерінен 50-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Жарыс Ташкент қаласының Халықаралық шахмат академиясында өтуде.

Қазақстанның ерлер командасы сапында Берік Нұрымов, Самажан Кеттебеков, Сұлтан Қожахметов, Мейірман Пернеев, Қуандық Айтжанов және Берік Туманов өнер көрсетсе, әйелдер командасында Наталья горохова, Альбина Примкулова және Раушания Жилина бақ сынауда.

Қазақстан командасын аға жаттықытырушы Елдос Кузербаев басқарды.

Айта кетсек, жарыс «Блиц» және «Рапид» дисциплиналары бойынша 9 турдан тұрады.  Турнир қортындысы 11 желтоқсанда белгілі болмақ.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

four × 2 =