Шілденің 25-31 жұлдызында мүгедек-спортшылар арасында тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.
Қарағанды қаласында өтетін осы елішілік чемпионатқа іріктеу өңір-өңірде басталып кетті. Жақында тоғызқұмалақтан мүгедек-спортшылар арасында Жамбыл облысының чемпионаты өтті. Чемпионатқа Байзақ, Жуалы, Қордай, Т.Рысқұлов аудандары мен Тараз қаласынан 13 спортшы қатысты. Жарыстың басты мақсаты – тоғызқұмалақтан өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысатын үздік спортшыларды іріктеу.
Чемпионаттың қорытындысы бойынша тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында – Шолпан Суранбаева, көру қабілеті төмен мүгедек-спортшылар арасында – Гульнар Орманова және Ришат Шамиль чемпион атанды.
Жарыстың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері медаль және дипломдармен марапатталды.
«tagdyr.kz» ақпараты