Біздің елде тұңғыш құрылған волейболшы қыздар командасының жаттықтырушылары – Оңғарбек Досақаев пен Бақытжан Бесқалиев. Енді бірер күнде осы топ алғашқы рет шет елге сапарға шықпақшы. Дәлірек айтқанда, Иран еліндегі оқу-жаттығу жиынына аттанады. Волейболшы қыздарымыз Иранның әйелдер құрама командасымен бірге жаттығып, сәті түссе шеберліктерін шыңдау үшін бірнеше кездесулер өткізеді. Оқу-жаттығу жиыны Иранның Мешхед қаласында өтеді.
Тұңғыш команданың алғашқы сапарына қалың жанкүйер атынан сәттілік тілейміз!
Төлеген Жәкітайұлы,
«tagdyr.kz» тілшісі.