Үміткердің бір тобы – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Үміткердің бір тобы

Алматы қаласында 26 шілде күні басталар Ашық Азия чемпионатында бақ сынайтын спортшылардың жүзін тани жүріңіз.

 

Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Өтешов Асылбек.

Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Өтешов Асылбек.

Өтешов Асылбек Шыңдағұлұлы. 1972 жылы Өзбекстан өңірінде туған. 1978 жылдан Маңғыстау обласында тұрады.

Спортпен 1999 жылдан бастап шұғылданады. Пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатына алғаш рет 2002 жылы қатысып, 1 орынды иеленген. 2008 жылы Қазақстан спорт шебері, 2010 жылы Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. 2015 жылғы ел чемпионатының жеңімпазы. Пауэрлифтингтен Маңғыстау облысының бас бапкері.

Өтешов Асылбек Ашық Азия чемпионатында 59 келі салмақта өнер көрсетеді.

Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы әрі рекордшысы Махамбетов Насыр

Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы әрі рекордшысы Махамбетов Насыр

Махамбетов Насыр Ахматұлы. 1985 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданы, Айдар ауылында дүниеге келген. Спортпен 2001 жылдан бастап шұғылданады. 2007 жылы қол күресінен Болгарияда өткен Әлем чемпионатында күміс жүлдені жеңіп алған. 2010 жылғы Әлем чемпионатында қола медальді еншіледі.

Пауэрлифтингпен айналысуды 2011 жылы бастады. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы әрі рекордшысы.

Махамбетов Насыр Ашық Азия чемпионатында 88 келі салмақта бақ сынайды.

Ашық Азия чемпионатына қатысушы Мұхтарова Марина

Ашық Азия чемпионатына қатысушы Мұхтарова Марина

Мұхтарова Марина Нәбиқызы. 1963 жылы Павлодар облысындағы Шақат ауылында туған. 1980 орта мектепті тәмамдаған. 1981 жылдан 1986 жылға дейін Павлодар педагогикалық институтының физика-математика факультетінде оқыды. Көп жыл оқытушылық қызмет атқарды.

Пауэрлифтингпен айналысуды 2013 жылы бастады. Спорттық марапаттары бар. Мұхтарова Марина Ашық Азия чемпионатында 86 келі салмақта ел намысын қорғайды.

Республикалық чемпионаттардың бірнеше дүркін жеңімпазы Райля Қорғанбаева

Республикалық чемпионаттардың бірнеше дүркін жеңімпазы Райля Қорғанбаева

Қорғанбаева Райля Айдарбекқызы. 1981 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Төмен-Арық ауылында туған. Агрономия саласының маманы. Бір ұлдың анасы.

Пауэрлифтингпен 2008 жылдан бастап шұғылданады. Қазақстанның спорт шебері. Алғаш рет 2009 жылғы Қазақстан спартакиадасында чемпион атанған. Республикалық чемпионаттардың бірнеше дүркін жеңімпазы.

2015 жылғы елішілік чемпионатта 1 орынды иеленген Райля Қорғанбаева Ашық Азия чемпионатында 73 келі салмақта бақ сынайды.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

2 × one =