Волейболды отырып ойнаудан Қазақстан ұлттық құрамасы Паралимпиада ойындарын 5-орынмен аяқтады – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Волейболды отырып ойнаудан Қазақстан ұлттық құрамасы Паралимпиада ойындарын 5-орынмен аяқтады


Бүгін Парижде өтіп жатқан жазғы Паралимпиада додасының жетінші күнінде волейболды отырып ойнаудан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары бесінші орын үшін сынға түсті. Ел спортшылары Бразилия командасымен бақ сынасып, тартысты ойында 3:0 (25:19, 25:18, 25:19) айқын басымдылықпен жеңіске жетті.

Естеріңізге сала кетейік, Бауыржан Тахауов баптаған құрама А тобында үшінші орын алып, бесінші орын үшін сынға түскен болатын.

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

5 × four =