XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті


2022 жылдың 27 маусымында Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

 «Төртжылдықтың басты бәсекесінде отандастарымыз әлемнің ең мықты спортшыларымен күш сынасып, елге абыроймен оралды.Тарихи жеңіске толы Сурдлимпиадада қазақстандық атлеттер ерекше белсенділік танытып, жоғары жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтқанда, Шонку Хайратхаан батырымыз екі алтын медаль иеленіп, сенсация жасағанымен ерекше құттықтаймын.Бұл нәтиже елдегі сурдлимпиада спортының дамуына керемет серпін береді деген үміттеміз» – деді Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі  Д.Ә.Абаев.

Салатанатты шара барысында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің атынан  Сурдлимпиада ойындарының жеңімпаздары, жүлдегерлері және олардың жаттықтырушылары алғыс хатпен марапатталды.

            «Бүгін елорда төрінде Сурдлимпиада жеңімпаздарына көңіл бөліп, құрмет көрсеткендеріңізге рахмет! Жеңіске жетуіме қолдау көрсеткен Мәдениет және спорт министрлігіне, Қазақстан Республикасының үкіметіне алғысым шексіз! Барлық жеңімпаздарды жетістігімен құттықтаймын!» – деді XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарының екі дүркін жеңімпазы Шонку Хайратхаан

Айта кетсек, XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындары 2022 жылдың 1-5 мамыр аралындағы Бразилиядағы Кашиас-де-сул қаласында өтті. Дүбірлі додада әлемнің 73 мемлекетінің 4500-ге жуық спортшысы бақ сынасады Қазақстан тарапынан 63 спортсшы 8 спорт түрінен қатысып 28 медальға қол жеткізді . 3 «алтын» 7 «күміс» 18 «қола».


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

5 × 2 =