Жағажай волейболынан Қазақстан чемпионаты өтті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Жағажай волейболынан Қазақстан чемпионаты өтті


Ақтау қаласында 6-7 тамыз аралығында тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында жағажай волейболынан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстан,Түркістан облысытарының  және Ақтау мен Жаңаөзен қалаларының құрама  командалары қатысты.

Жарыс айналым жүйесі бойынша өтіп, әр команда 5 ойыннан кездесулер өткізді. Қортынды есепте Ақтау командасы 10 ұпай жинап, чемпионатта топ жарды. Екінші орынды 9 ұпаймен Түркістан командасы еншілесе, үшінші орында  8 ұпаймен Қызылорда командасы тұрақтады.

«Ел біріншілігінде Ақтау құрама командасы  осымен 11-ші рет чемпион атанып отыр. Бұл спорт түрі бойынша  Қазақстан чемпионаты 2010 жылдан бастап өткізіліп келеді», – деді Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының жағажай волейболынан аға жаттықтырушысы Нұралы Кулушев.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

twelve + nine =