Қыркүйектің бесі мен он тоғызы аралығында Рио-де-Жанейрода XV жазғы Паралимпиада ойындары жалауын желбіретеді. Төрт жыл бұрын Лондонда өткен ойындарда Қазақстан атынан 7 атлет бақ сынаса, биыл байрақты бәсекеде 10 паралимпиадашы ел намысын қорғайды, деп хабарлайды BNews.kz.
XV жазғы Паралимпиада ойындарына қатысатын Қазақстанның паралимпиада құрамасының құрамы
- Гүлбану Әбдіқалықова – пауэрлифтинг (Алматы обл.)
- Вадим Дукарт – пауэрлифтинг (Ақмола обл.)
- Раушан Қойшыбаева – пауэрлифтинг (Алматы обл.)
- Әнуар Ахметов – жүзу (Астана)
- Роман Агалаков – жүзу (ОҚО)
- Зульфия Ғабидуллина – жүзу (Жамбыл обл.)
- Наталья Звягинцева – жүзу (Қарағанды обл.)
- Әнуар Сариев – дзюдо (Атырау обл.)
- Аманат Қалкаев – жеңіл атлетика (Алматы қ.)
- Александр Медведев – садақ ату (Павлодар обл.)
Қазақстанның паралимпиада құрамасының бапкерлер құрамы:
- Саттар Бейсембаев – жүзу (Жамбыл обл.)
- Артур Томицский – пауэрлифтинг (Алматы қ.)
- Юрий Мощеев – жеңіл атлетика (Қызылорда обл.)
- Жандос Қиянов – дзюдо (Атырау обл.)
- Татьяна Пак – садақ ату (Павлодар обл.)
http://bnews.kz/