Жүзуден Мәскеуде өткен сайыста Юлия жүлделі болды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Жүзуден Мәскеуде өткен сайыста Юлия жүлделі болды


Ресейдің әйгілі спортшысы, жүзуден төрт дүркін Олимпиада, алты мәрте әлем чемпионы атанған Алексендр Поповтың құрметіне арналып ұйымдастырылып жүрген ашық турнир биылдан бастап мүгедек-спортшылар арасында да өткізіле бастады. Мәскеудің «Измайлово» әмбебап-спорт кешенінде 4 қарашада мәреге жеткен бұл бәсекеге елімізден 8 сурдолимпиадашылар қатысқан еді. Сол сегіз спортшымыз арасынан қарағандылық Юлия Ганке 50 метрге комбинациялы жүзуден қола жүлдегер атанды.

А.Попов кубогы көзі нашар көретін, есту қабілеті төмен және тірек-қозғалыс мүшелері зақымданған үш жүзге жуық спортшылар арасында өтті. Жалпы саны 26 команда қатысқан жарыста құрамында Мөлдір Сәрсекей, Әйгерім Аяпбергенова, Юлия Буката, Юлия Ганке бар қазақстандықтар 50 метрге еркін жүзуден эстафеталық бәсекеде командалық есепте 4-орынға табан тіреді. Спорт мамандарының пікірінше, Ресейдің дәстүрлі турнирінде мұндай көрсеткішке жетудің өзі аз жетістік емес.

Ал, есту қабілеті төмен спортшылар арасындағы 50 метрге комбинациялы жүзуде жекелей сайыста 19 жасар қарағандылық спортшы Юлия Ганке 36,78 секунд көрсеткішпен турнирдің қола медаліне қола жеткізді. Жүлдегердің бапкері Кучина Светлана Михайлқызының айтуынша, мәреге мәскеулік қарсыластарынан жалғыз секунд қана кеш жеткен Юлия болашағынан үміт күттіретін талапты спортшы.

Арнайы «tagdyr.kz» сайты
үшін Әйгерім ҚАЛИЕВА
Мәскеуден хабарлайды.

 Суретте: қола жүлдегер Юлия Ганке мен бапкері Светлана Кучина.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

13 + 11 =